Құпиялылық саясаты
Бұл саясат iPhone, iPad және Android үшін MUSA қолданбасын және musa.kz сайтын пайдаланғанда қандай дербес деректер алатынымызды, олар не үшін керек екенін, қайда сақталатынын, кімге берілетінін және оларды қалай басқара алатыныңызды түсіндіреді.
Деректерді өңдеуге келісімді қолданбаға кірген кезде бересіз: кіру экранында Пайдаланушы келісімін қабылдайсыз, ал ол деректерді осы саясат бойынша өңдеуге келісімді қамтиды. Геопозиция немесе хабарламалар сияқты жекелеген рұқсаттарды құрылғы жүйесі олар алғаш қажет болған кезде сұрайды. Саясатпен келіспесеңіз, аккаунтқа кірмеңіз: Құран, Оқу, Зікір мен дұға, Алла есімдері және намаз уақыты аккаунтсыз да жұмыс істейді.
Саясат қолданба мен серверлеріміздің қазір қалай жұмыс істейтінін сипаттайды. Автоматты жою әлі бапталмаған жерде бұл туралы тікелей жазамыз және мұндай деректерді сұрауыңыз бойынша жоямыз.
01Деректерді кім өңдейді
Дербес деректердің меншік иесі және операторы: MUSA Limited жеке компаниясы, БСН 240240900508, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушысы. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 36/1, 10-пәтер.
Деректерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және АХҚО-ның деректерді қорғау жөніндегі актілеріне сәйкес өңдейміз.
Компанияда дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға тағайындалған. Оған өтініш жолдауға арналған мекенжай: account@musa.kz.
02Деректер қайда сақталады
Аккаунттар, прогресс, дауыс жазбалары және олардың сақтық көшірмелері Қазақстан Республикасындағы серверлерде, Yandex Cloud бұлтының Қазақстан аймағында сақталады.
Деректердің бір бөлігін Қазақстаннан тыс жердегі сервистер өңдейді. Олардың тізімі және әрқайсысы қандай деректер алатыны «Деректерді кімге береміз» бөлімінде көрсетілген.
03Қандай деректер аламыз
Бөлімдердің жұмысына керек деректерді ғана аламыз. Олардың бір бөлігін өзіңіз енгізесіз, бір бөлігін қолданба сіздің рұқсатыңызбен алады, тағы бір бөлігі қолданбаны пайдаланған кезде пайда болады.
| Деректер | Қашан пайда болады | Не үшін |
|---|---|---|
| Телефон нөмірі | Телефон нөмірі арқылы кіргенде | Бір реттік кодпен кіру |
| Apple немесе Google идентификаторы, электрондық пошта мекенжайы, есім | Apple немесе Google арқылы кіргенде | Аккаунтқа кіру |
| Есім, фото, жыныс, туған күн, ел, қала | Профильді толтырғанда | Профиль, лига рейтингі, мазмұнды іріктеп ұсыну |
| Геопозиция | Намаз бөлімінде оған қол жеткізуге рұқсат бергенде | Қала, намаз уақыты және құбыла бағыты. Ең жақын қаланы табу үшін нақты координаттар біздің серверімізге беріледі. Аккаунтта тек қала сақталады, ал координаттар сервердің техникалық журналдарында қалады. Рұқсат болмаса, қала IP-мекенжай бойынша анықталады немесе оны өзіңіз таңдайсыз |
| Дауыс жазбалары және ұстаздың жауаптары | Академияда сабақты дауыспен тапсырғанда | Оқуыңызды Академия ұстазының тексеруі |
| Прогресс | Бөлімдерде шұғылданғанда | Бетбелгілер мен жинақтар, хатым және оқу мақсаты, жатталған және қайталанған аяттар, тексеру нәтижелері, Оқу және Есімдер сабақтары, зікірлер, күндер сериясы, лигалар |
| Іздеу сұраулары | Құраннан іздегенде | Мағына бойынша іздеу. Сұраулар біздің серверлерімізде өңделеді |
| Жазылым мәртебесі | App Store немесе Google Play-де сатып алғанда | Жазылымды барлық құрылғыларыңызда ашу |
| Хабарламалар токені және еске салу баптаулары | Хабарламаларға рұқсат бергенде | Сабақ, намаз және зікір туралы еске салу |
| Құрылғы және кіру деректері | Автоматты түрде | Құрылғының моделі мен атауы, жүйе және оның нұсқасы, қолданба нұсқасы, тіл, уақыт белдеуі, root-қолжетімділік белгісі, құрылғы идентификаторы, кіру кезіндегі IP-мекенжай. Аккаунт қауіпсіздігі және құрылғыларыңыздың тізімі үшін қажет |
| Пайдалану оқиғалары және ақаулар туралы есептер | Автоматты түрде | Қай функциялар пайдалы екенін түсіну және ақауларды түзету. Аккаунттың ішкі идентификаторымен байланысты. Олардағы координаттар қала деңгейіне дейін дөңгелектенген, ал сілтемені ашу оқиғасында оның толық мекенжайы беріледі, мысалы, лигаға шақыру кодымен бірге |
| Серверлердің техникалық журналдары | Автоматты түрде | IP-мекенжай, сұраулардың уақыты мен мекенжайлары, оның ішінде қаланы анықтау кезіндегі координаттар, кіру және нөмірді ауыстыру кезіндегі телефон нөмірі, қызметтік хабарламалар. Сервистің жұмысы және оны қорғау үшін қажет |
| Қолданба туралы бағалар мен пікірлер | Қолданбадағы сауалнамаға жауап бергенде | Нені жақсарту керек екенін түсіну |
| Қателер туралы хабарламалар | Оларды қолданбадан жібергенде | Қатені түзету. Мәтінмен бірге қолданба нұсқасы мен құрылғы деректері беріледі |
| Travel бөлімінің құжаттары: аты-жөні, ЖСН, телефон нөмірі, құжат деректері мен фотосы | Қолданбада Travel бөлімі жұмыс істеп тұрғанда құжат қосқан болсаңыз | Сапарды рәсімдеу. Бөлім жабылған, жаңа құжаттар қабылданбайды |
| Хат алмасу | Бізге жазғанда | Өтінішке жауап беру |
Діни сеніміңізді көрсетуді сұрамаймыз. Бірақ қолданбаны пайдаланудың өзі адамның діни нанымын аңғартуы мүмкін, сондықтан қолданбаның барлық деректерін сезімтал деректер ретінде қараймыз: оларды жарнамаға пайдаланбаймыз, сатпаймыз және адамның сенімі туралы тұжырым жасамаймыз.
Банк картасының деректерін алмаймыз: төлемді Apple мен Google қабылдайды. Контактілерге рұқсат сұрамаймыз. Камера мен галерея тек профиль фотосын немесе лига суретін таңдау үшін, микрофон тек Академияда сабақты жазып алу үшін керек.
04Деректерді не үшін пайдаланамыз
- аккаунтқа кіре алуыңыз және прогресіңіз барлық құрылғыларыңызда сақталуы үшін;
- бөлімдер жұмыс істеуі үшін: қала бойынша намаз уақыты, аяттарды керекті күні қайталау, күндер сериясы, лига рейтингі, Академиядағы сабақтарды тексеру;
- MUSA Hafiz жазылымын немесе ұйым не Академия берген қолжетімділікті ашу үшін;
- өзіңіз қосқан еске салғыштарды жіберу үшін;
- аккаунттарды бұзудан және теріс пайдаланудан қорғау үшін;
- өтініштерге жауап беру үшін;
- ақауларды тауып, түзету және қай функциялар пайдалы екенін түсіну үшін;
- заң талаптарын орындау үшін.
Дербес деректерді сатпаймыз, жарнама көрсетпейміз және деректерді үшінші тұлғалардың жарнамасы үшін бермейміз. Сізге қатысты құқықтық салдары бар шешімдерді тек автоматтандырылған өңдеу негізінде қабылдамаймыз.
05Келісім және негіздер
Деректерді сіздің келісіміңізбен өңдейміз. Келісімді қолданбаға кірген кезде Пайдаланушы келісімін қабылдау арқылы бересіз. Келісім «Қандай деректер аламыз» бөліміндегі деректерді өңдеуді, оларды Қазақстанда сақтауды және «Деректерді кімге береміз» бөліміндегі сервистерге сонда көрсетілген көлемде трансшекаралық беруді қамтиды.
Келісімсіз деректерді заң тікелей рұқсат еткен жағдайда ғана өңдейміз, мысалы, сізбен жасалған шартты немесе мемлекеттік органның заңды талабын орындау үшін.
Геопозицияға, хабарламаларға, камераға, галереяға және микрофонға берілген құрылғы рұқсаттарын телефон баптауларында кез келген уақытта кері қайтарып алуға болады. Қолданба тиісті функцияларсыз жұмыс істей береді.
Аккаунт деректерін өңдеуге берілген келісімді аккаунтты жою немесе бізге жазу арқылы кері қайтарып алуға болады. Келісімді кері қайтарып алу оған дейін жүргізілген өңдеуді заңсыз етпейді.
07Деректерді қанша уақыт сақтаймыз
- аккаунт деректері мен прогресс: аккаунт бар болғанша, аккаунт жойылғаннан кейінгі ерекшеліктер төменде көрсетілген;
- Академиядағы дауыс жазбалары мен ұстаздың жауаптары: жазылған сәттен бастап 365 күн, содан кейін автоматты түрде жойылады;
- сақтық көшірмелер: 30 күнге дейін;
- кіру және тіркелу туралы жазбалар (телефон нөмірі, бір реттік кодтар, анкетадағы есім, жыныс және туған күн, хабарламалар токені), жіберілген хабарламалар журналы және жазылым оқиғалары туралы мәліметтер: мерзімі әзірге шектелмеген, автоматты жою бапталмаған;
- серверлердің техникалық журналдары: мерзімі әзірге шектелмеген;
- аналитика оқиғалары мен ақаулар туралы есептер: Firebase және AppMetrica сервистері белгілеген мерзімде;
- хат алмасу: пошта жәшігінде белгіленген мерзімсіз;
- ұйымдармен жасалған шарттар бойынша құжаттар: заңда белгіленген мерзімде.
Аккаунтты жойған кезде профиль мен деректердің басым бөлігі бірден жойылады, ал сақтық көшірмелерден 30 күн ішінде өшіріледі. Деректердің бір бөлігі әзірге аккаунт жойылғаннан кейін де сақталады: олардың тізімі Аккаунтты жою бетінде берілген.
Сақтау мерзімі белгіленбеген деректерді account@musa.kz мекенжайына жіберілген сұрау бойынша жоямыз. Оларды автоматты түрде жоюды баптап жатырмыз, нақты мерзімдерді келесі редакцияда көрсетеміз.
08Сіздің құқықтарыңыз
Сіз мыналарға құқылысыз:
- деректеріңізді өңдейтін-өңдемейтінімізді білуге және оларды алуға;
- деректерді түзетуге және толықтыруға;
- өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алуға;
- деректерді өңдеу қажет болмаса немесе заңсыз болса, оларды бұғаттауды немесе жоюды талап етуге;
- өңдеуге қарсылық білдіруге;
- біздің әрекеттерімізге шағым жасауға.
Профиль деректерін қолданбада өзгертуге болады: Профиль, «Баптаулар», «Менің деректерім».
Құқығыңызды пайдалану үшін account@musa.kz мекенжайына жазып, қолданбаға кіру үшін пайдаланатын телефон нөмірін немесе поштаны көрсетіңіз. Заңда белгіленген мерзімде жауап береміз.
Құқықтарыңызды бұзып отырмыз деп есептесеңіз, Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органына, АХҚО Деректерді қорғау жөніндегі комиссарына немесе сотқа жүгіне аласыз.
09Аккаунтты жою
Қолданбада: Профиль, «Баптаулар», «Менің деректерім», «Аккаунтты жою». Қолданбасыз: Аккаунтты жою бетіндегі нұсқаулық бойынша.
Аккаунтты жою App Store немесе Google Play-дегі жазылымды тоқтатпайды, одан дүкенде бас тарту керек.
10Балалар
Қолданбаны кез келген жастағы адамдар, оның ішінде араб әліпбиін үйреніп жүрген балалар да пайдаланады. Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, деректерді өңдеуге келісімді ата-анаңыз немесе заңды өкіліңіз береді, ал тіркелу оның қатысуымен жүргізілуі керек. Баланың мұндай келісімсіз тіркелгенін білсеңіз, бізге жазыңыз, біз аккаунтты жоямыз.
11Деректерді қалай қорғаймыз
Қолданба мен сайт деректерді қорғалған байланыс арқылы береді. Дерекқорлар жабық желіде орналасқан, оларға жұмысы үшін қолжетімділік қажет қызметкерлер ғана қол жеткізе алады. Дауыс жазбалары жабық қоймада сақталады және бір сағат жарамды сілтемелер арқылы ашылады.
Деректеріңізге қатысты жылыстау орын алса, заңда белгіленген мерзімде уәкілетті органға хабарлаймыз, ал сізге не болғанын және не істеу керек екенін айтамыз.
13Саясаттың өзгеруі
Қолданба немесе заң өзгергенде саясатты жаңартамыз. Редакция күні жоғарыда көрсетілген. Елеулі өзгерістер туралы қолданбада алдын ала хабарлаймыз, ал олар үшін жаңа келісім қажет болса, оны сұраймыз.
14Байланыс
MUSA Limited жеке компаниясы, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 36/1, 10-пәтер. Пошта account@musa.kz, WhatsApp +7 775 222 02 40 (тек хабарлама).